"Жоғары ғылыми - педагогикалық білім (магистратура) туралы
ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым
министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 1035 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы № 303 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 311 Бұйрығымен күші жойылды
"Бiлім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 1035 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 1370 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерінiң бюллетенi журналында жарияланған 2001 ж. № 13, 349-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережесінде:
5-тармақта "кәсiптiк жоғары білім берудiң бағыттары мен мамандықтарының" деген сөздер "бакалавриат мен магистратура мамандықтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Магистратура жоғары біліктi ғылыми-педагогикалық кадрлармен (тапсырыс берiлген мамандықтар бойынша ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар 5 адамнан кем болмауы керек) қамтамасыз етiлген жағдайда, қажеттi зертханалық-зерттеу, оқу-әдiстемелiк, әлеуметтiк базалары бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда ашылады.";
10-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;