Введите номер документа
Прайс-лист

Алматы қаласының энергетикалық кешенінің тиесілі жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 653 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 30 июня 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 30 июня 2005

“Алматы қаласының энергетикалық кешенінің тиесілі жұмыс істеуін қамтамасыз
ету жөніндегі шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 653 Қаулысы

 

Алматы қаласының энергетикалық кешенінің тиесілі жұмыс істеуін оның объектілерінің стратегиялық мәнін ескере отырып, қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысын электр және жылу энергиясымен жабдықтауда үзілістерге жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) энергетика компаниясы - "Алматы Пауэр Консолидейтед" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - АПК) мүлкін, сондай-ақ бұрын банктік қарыз алу шарттары бойынша кепіл мүлкі ретінде "Қазақстанның Халық банкі" акционерлік қоғамына берілген жылжымайтын мүлік объектілері - "Қазақстан" және "Алматы" қонақ үйлерінің ғимараттарын сатып алу жөніндегі шараларды қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тиісті, оның ішінде заңнаманың талаптарына сәйкес осы қаулының 1-тармағынан туындайтын мәмілелерді келісу жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алынған мүлікті тиімді пайдалану, үздіксіз өндірістік циклді қамтамасыз ету және алдағы жылыту маусымына дайындық, сондай-ақ салық берешегін және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу үшін Алматы қаласының энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасын Қоғаммен келіссін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі 

Д.Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами