Введите номер документа
Прайс-лист

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Декларациясы (Астана қаласы, 2005 жылғы 5 шілде)

Информация о документе
Датавторник, 5 июля 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 5 июля 2005

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының
Декларациясы
(Астана қаласы, 2005 жылғы 5 шілде)

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі — ШЫҰ немесе Ұйым) мүше мемлекеттердің — Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының — басшылары Астанада 2005 жылғы 5 шілдеде ШЫҰ-ға мүше Мемлекеттер басшылары кенесінің мәжілісіне жиналып, мына мәселелер туралы мәлімдейді.

 

I

 

Мемлекет басшыларының Ташкентте 2004 жылғы 17 маусымдағы кездесуінен кейінгі өткен кезеңде сол кезде ШЫҰ-ны одан өрі дамыту және нығайту мақсатында алға койылған барлық міндеттер іс жүзінде орындалды. Ұйым мүше мемлекеттердің көп-жақты ынтымактастышн өрістету жолымен алға қарай нык басып, баска халықаралық Ұйымдармен және елдермен өзара ықпалдастыққа белсенді қосылып отыр.

ШЫҰ-нын 2004 жылдан бастап жұмысқа кіріскен  тұракты әрекетететін органдары — Пекиндегі Хатшылық және Ташкенттегі Өңірлік антитеррорлық құрылым (ӨАТҚ) — Ұйымның үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін ықпалды ұжымдық құралдарға айналуда. ӨАТҚ-ның басшы органы — Кеңестің өсе түсуге тиісті маңызды рөлі атап өтілді.

ШЫҰ-ның, оның барлық органдары мен тетіктері жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру мақсатында мемлекеттер басшылары 2006 жылғы жоғары деңгейдегі келесі кездесуге Ұлттық үйлестірушілер кеңесі Хатшылықтың рөлін күшейту жөнінде және оның жетекшісінің лауазымын ШЫҰ бас хатшысы деп езгерту туралы ұсыныстар әзірлейді деп уағдаласты.

Мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 2005 жылғы 2 маусымда Астанада болған екінші кездесуінің барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру жөнінде кажетті шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом