Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 715 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 8 июля 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 ноября 2006

“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы
№ 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 715 Қаулысы 

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1059 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Сапа саласындағы конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 11, 128-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) 1-тармақта "сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын алуға конкурстар" деген сөздер "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын алуға конкурстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

2 және 3-тармақтарда "сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын" деген сөздер "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетiлген қаулыға қосымшада:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы";

көрсетiлген Комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

 

Кравченко              -      Қазақстан Республикасының

Иван Михайлович               Индустрия және сауда бірiншi вице-

                              министрi, төрағаның орынбасары

 

Әбдiмомынов                 - Қазақстан Республикасының Білім және

Азамат Құрманбекұлы           ғылым вице-министрi

 

Мәтiшев                     - Қазақстан Республикасы Индустрия

Әлиақпар Болатұлы             және сауда министрлігі Бәсекелестiктi

                              қорғау комитетiнiң төрағасы;

мына:

 

"Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-

Сауат Мұхаметбайұлы           Министрінің орынбасары, төраға

 

Құсайынов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия

Әбiлғазы Қалиақпарұлы         және сауда министрлігі Стандарттау,

                              метрология және сертификаттау

                              жөніндегі комитетiнiң төрағасы"

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

 

"Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-

Сауат Мұхаметбайұлы           Министрінің орынбасары - Қазақстан

                              Республикасының Индустрия және сауда

                              министрi, төраға

 

Құсайынов                   - Қазақстан Республикасы Индустрия

Әбiлғазы Қалиақпарұлы         және сауда министрлігі Техникалық

                              реттеу және метрология комитетiнiң

                              төрағасы";

 

көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы, Жүндiбаев Валерий Ермекбайұлы, Хорунжий Андрей Григорьевич, Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы шығарылсын;

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын беру ережесiнде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын беру ережесi";

2, 3, 11 және 12-тармақтардағы "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын", "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметі сыйлығының", "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығы" деген сөздер тиiсiнше  "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын", "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасының Үкіметі сыйлығының", "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта "Өнiмнiң бір түрi бойынша" деген сөздер "белгiлi бір номинацияда" деген сөздермен ауыстырылсын;

7, 8 және 9-тармақтарда "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi", "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "Техникалық реттеу және метрология комитетi", "Техникалық реттеу және метрология комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткізу ережесiнде:

1-тармақта "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Конкурсқа өнеркәсiптiк және азық-түлiк тауарларын өндiрудi жүзеге асыратын барлық меншiк нысанындағы ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшiн Техникалық реттеу және метрология комитетiне белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өтiнiм беру және белгілi бір құжаттар жиынтығын тапсыру қажет.";

5) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже";

1-тармақта "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледi:".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами