Введите номер документа
Прайс-лист

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы КЕЛIСІМ (Мәскеу қ., 26 қазан 2005 жыл)

Информация о документе
Датасреда, 26 октября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 26 октября 2005

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкiметтерiнiң арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға
көмек көрсету кезіндегі өзара iс-қимыл туралы
КЕЛIСІМ
(Мәскеу қ., 26 қазан 2005 жыл)

 

ҚР 2007 жылғы 29 мамырдағы № 257-III Заңымен ратификацияланды

 

2015 жылғы 14 наурызда күшіне енді

 

2007 жылғы 24 шілдеде күшіне енді

 

Осы Келісімнiң қатысушылары болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi (бұдан әрi - Тараптар),

төтенше жағдайлар келтiретiн қауiптi сезiне отырып,

төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң әл-ауқаты мен қауiпсiздiгiне жәрдемдесетiнiн тани отырып,

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердiң төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға мониторинг ұйымдастыру жөнiнде келісілген саясат жүргiзудi талап ететiн экологиялық жүйелерiнiң өзара тәуелдiлiгiне сүйене отырып,

Тараптардың бірiнiң күштерiмен және құралдарымен жоюға болмайтын төтенше жағдайлардың туындау мүмкiндiгiн, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында Тараптардың үйлескен iс-қимылдарында осыдан туындайтын қажеттіліктi назарға ала отырып,

төтенше жағдай кезiнде көмекке өңiрлiк ынтымақтастық қағидаттарын қолдануға ынта бiлдiре отырып және зардап шеккен халыққа тиiмдi және үйлестiрiлген көмектi қамтамасыз ету үшiн бірлесе күш сала отырып,

төтенше жағдайларда халықаралық көмек көрсету жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың күш салуын қолдай отырып,

iзгiлiк қағидаттарына сүйене отырып,

мына төмендегiлер туралы келiстi:

 

1-бап

Айқындамалар

 

Осы Келісімде қолданылатын ұғымдардың мынадай мағыналары бар:

«сұратушы Тарап» - көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын жiберу туралы өтiнiшпен басқа Тараптарға жүгiнетiн Тарап;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами