1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркiн сауда
туралы келісімге Еркiн сауда режимiнен алып қоюлар туралы хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 671 Қаулысы
(2006.17.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2006.17.03. № 181 қаулысымен тағырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркiн сауда туралы келісімге Еркiн сауда режимiнен алып қоюлар туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
ҚР Үкіметінің 2006.17.03. № 181 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтыру енгізуге рұқсат бере отырып, 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге Еркін сауда режимінен алып қоюлар туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.Ахметов |