Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау мен құқықтық
тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға
Қосымша хаттама
(Астана қ., 2012 жылғы 28 қыркүйекте)
ҚР Үкіметінің 2005.07.07. № 701 қаулысымен мақұлданды
Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді
1. Жалпы ережелер
А. Бұдан әрі қол қоюшы тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі өзара түсіністік туралы меморандумның (ӨТМ) және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес жаңа жобаны қолдау мақсатында 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіседі.
В. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі төменде сипатталған жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қосымша көмек үшін 1.01 миллион АҚШ долларын ұсынады. Америка Құрама Штаттарының Үкіметі осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Америка Құрама Штаттары Үкіметінің басқа органдары арқылы ақшалай қаражат бөлу жолымен тиісті оқытуды және жабдықты ұсынады.
С. Осы Қосымша хаттамада көзделген ақшалай қаражат:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасауға көмектесуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын есірткілерді және өзге де контрабанданы ұстау жөніндегі ішкі істер министрлігінің (ІІМ) қабілетін арттыруға;
3) Қазақстан-қырғыз шекарасындағы және жасыл дәліз бойындағы өткізу пункттерінде есірткілерді және өзге де контрабанданы ұстау жөніндегі ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметі бөлімшелерінің қабілетін арттыруға;