Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі
№ 371 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 774 қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгiзiлді
"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Мемлекеттік органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат, 2004 ж., № 21, 263-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған Жарлықпен бекітілген мемлекеттік органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiнде:
"Жалпы ережелер" деген бөлiмде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртіншi абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13, 14-баптарында айқындалған барлық мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнiнде өкiлеттiк берiледi.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi өзара келiсуден кейiн өздерiнiң құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық тiзбелерiн бекiтедi.";
1-бөлiмде:
1-бағанда:
"Президент Әкiмшiлiгiнің Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
"Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiктің төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшіншi абзацта "Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiктiң төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын;