Введите номер документа
Прайс-лист

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің тәртібі туралы келісім (Жоба) (2005 ж. 13 шілде) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 13 июля 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 сентября 2008

Жоба

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң аумақтарында
терроризмге қарсы бірлескен iс-шараларды ұйымдастырудың
және өткізудің тәртібі туралы
КЕЛIСIМ

 

ҚР Президентінің 2005.13.07. № 1616 Жарлығымен мақұлданды

Қабылданды-Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында  терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы  келісім (Шанхай қ., 2006 жыл 15 маусым)

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрi - Тараптар),

Тараптар халықтарының бейбiт өмiрiне терроризмнiң елеулi қауiп-қатер төндiретiндігін түсіне отырып,

Тараптар аумақтарында терроризмге қарсы күрес тиiмділігiн қамтамасыз ету мақсатында,

Қалыптасқан жағдайда Тараптардың келiсілген iс-қимылдары терроризмге қарсы күресте қауырт қажеттілік болып табылатындығына көз жеткiзе отырып,

Терроризмге қарсы күрес iсінде Тараптар ынтымақтастығын нығайту ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер халықтарының мүдделерiне жауап бередi деп есептей отырып,

Тараптар аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен iс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің құқықтық негiздерiн құруға ұмтыла отырып,

2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын, 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімдi басшылыққа ала отырып,

ұлттық заңнаманы, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келiстi:

 

1-бап

 

Осы Келісім мақсаттары үшiн онда қолданылатын түсiнiктер:

терроризмге қарсы бірлескен iс-шаралар - сұрау салушы Тараптардың аумақтарында терроризмге қарсы арнайы құралымдар күштерiнiң келісілген ниетi мен жоспары бойынша Тараптардың құзыреттi органдары өткiзетiн терроризмге қарсы күрес бойынша iс-шараларды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами