Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2005 жылғы 20 маусымдағы
№114 өкімімен Бекітілген
Судья қызметіне алғаш рет тағайындалған судьялардың бейімделу кезеңінен
өтуі үшін практикалық көмек көрсету жөніндегі Ұсынымдар
Осы ұсынымдар аудандық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі -аудандық соттар) судья қызметіне алғаш рет тағайындалған судьяларының бейімделу кезеңінен өтуі үшін практикалық көмек көрсету, тәлімгерлік (менторлық) мақсатта әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1 .Практикалық көмек көрсетудің мақсаты:
1)алғаш рет тағайындалған судьяларға алған теориялық білімдерін практикада қолдануына көмектесу;
2) тәжірибелі судьяның басшылығымен сот жұмысының тәжірибесін игеру;
3) істі қараудың, сот процестерін жүргізудің, процессуалдық құжаттарды әзірлеудің қыр-сырын кәсіптік деңгейде меңгеру;
4) алғаш рет тағайындалған судьялардың сот төрелігін сапалы жүзеге асыруы үшін қажетті білім мен ақпарат алуы;
5) алғаш рет тағайындалған судьялардың бойында біліктілікті өз бетімен үздіксіз арттыруға деген сүранысты, шығармашылык қабілетті дамыту қажеттілігін қалыптастыру болып табылады.
2. Алғаш реттағайындалған судьялар бейімделу кезеңінен өтуі кезінде оларға аудандық соттарда практикалық көмек көрсетіледі.
3.Алғаш реттағайындалған судьялар үшін бейімделу кезеңінің мерзімін олардың заңгерлік мамандығы бойынша бүған дейінгі жұмыс стажын және кәсіби дайындық деңгейін ескере отырып, облыстық жэне оған теңестірілген соттың (бұдан әрі -облыстық соттың) төрагасы 1 жылдан 2 жылға дейін белгілейді.
Қажет болған жағдайда бейімделу кезеңінің мерзімі әрі кеткенде алты айға дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Алғаш рет тағайындалған судьяларға практикалық көмек көрсету аудандық соттың төрағасы әзірлеген әрі бекіткен жоспарга сәйкес жүзеге асырылады.