Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2005 жылғы 20 маусымдағы
№ 115 өкімімен Бекітілген
Азаматтық істерді қараудың сот практикасын қорытуды ұйымдастыру мен
жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Осы әдістемелік ұсынымдар соттардың сот практикасын қорытуын толық және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету, соттардағы талдау жұмысының деңгейін арттыру мақсатында әзірленді. Ұсынымдар қорыту бойынша жұмысты жоспарлау, сот істерінің материалдарын зерделеу, жекелеген тезистерді қалыптастыру, қорытынды құжат әзірлеу және қорыту нәтижелерін пайдалану мәселелеріне қатысты іске асырылады.
1. Жалпы ережелер
1. Құқық қолдану қызметінің кез келген саласы бойынша сот істерін жүйелендіру мен талдау, соттардың заңнаманы қолдануының тұрақты ерекшеліктерін даралап көрсету, осыған жол берудің себептерін және олардың туындауына жәрдемдесетін шарттарды айқындау, зерделеніп отырған проблема бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу сот практикасын қорыту деп түсініледі.
2. Сот практикасының проблемалырын зерделеу, заңнаманы біркелкі қолдану жөніндегі үхыныстарды әзірлеп, қалыптастыру, құқықпен реттелмеген олқылықтарды айқындап, оларды талдау қорытудың мақсаты болып табылады.
3. Қорытудың нәтижелері Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын дайындау және қабылдау, сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін негіз болады. Қорыту сот практикасындатуындайтын жаңа мәселелерді айқындауға, жекелеген соттар мен судьялардьщ жұмысының оң тәжірибесін зерделеп, таратуға көметеседі.
2. Ұйымдастыру шаралары
Қорытуды жүргізуге кірісе отырып, ең алдымен, тиісті заңнаманы, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын, қажетті заң әдебиетін, соттардың жұмысын тек-серу материалдарын, зерделеніп отырған тақырып бойынша бұған дейінгі қорытуларды, қажеттілігіне қарай шетелдік тәжірибені, құқық қорғау органдарының ма-териалдарын мұқият зерделеу қажет.