Введите номер документа
Прайс-лист

15-ТТК түсіндірмесі Операциялық жалгерлік - ынталандырымдар

Информация о документе
Датапятница, 1 января 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 1999
Дата последнего измененияпятница, 1 января 1999

ТТК Түсіндірмелер жөніндегі   

тұрақты комитет

15-ТТК
түсіндірмесі
 
Операциялық жалгерлік - ынталандырымдар

   1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес».  ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.    

Сілтеме: 17-«Жалдау»ХБЕС.

МӘСЕЛЕ

1.      Жаңа немесе қайтадан басталатын операциялық жалгерлік туралы келіссөздер жүргізілген кезде жалға беруші жалға алушыға жалгерлік шарт жасасу үшін ынталандырымдар ұсына алады. Сондай ынталандырымдар мысалдары - жалға алушыға аванс төлемдері немесе өтем, не жалға алушының шығындарын (жалға алынған меншіктің басқа жерге ауыстыру, жетілдіру шығындары және жалға алушының бұрын болған жалгерлік міндеттемелеріне байланысты шығындар) жалға берушінің өзіне алуы. Балама ретінде тегін жалгерлік немесе бастапқы кезеңде төмендетілген жалгерлік ақы ұсынылуы мүмкін.

2.      Мәселе операциялық жалгерліктегі ынталандырымдардың жалға алушы мен жалға берушінің қаржы есептілігінде қалай мойындалуға тиіс екенінде. 

КОНСЕНСУС

3.      Жаңа немесе қайтадан басталатын операциялық жалгерлік шарты бойынша барлық ынталандырымдар, ынталандырымның сипатына немесе нысанына, не төлем уақытына қарамастан, жалға алынған активтің пайдаланылуы үшін келісілген таза өтемнің ажыратылмас бөлігі ретінде мойындалуға тиіс.

4.      Жалға беруші ынталандырымдардың жиынтық құнын, егер тек өзге жүйелі негіз жалға алынған активтен түсетін пайданы қысқартудың жақсырақ уақытша үлгісі болып табылмаса, жалгерлік табысты тікелей негізде жалгерлік мерзім бойы қысқарту ретінде мойындауға тиіс.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами