ТТК Түсіндірмелер жөніндегі
тұрақты комитет
ТТК-2
түсіндірмесі
Тізбектілік - қарыздар бойынша
шығындарды капиталдандыру
1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.
Сілтеме: 23-«Қарыздар бойынша шығындар» ХБЕС
МӘСЕЛЕ
1. 23,07 және 11-ХБЕС:
(а) қарыздар бойынша барлық шығындарды олар жұмсалған кезеңдегі шығыс ретінде мойындау (есепке алудың негізгі тәртібі); немесе
(b) белгілі бір талаптарға сай келетін активтерді сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындарды сондай актив құнының бір бөлігі ретінде капиталдандыру (есепке алудың жол беруге болатын баламалы тәртібі) арасында таңдау жасауға рұқсат етеді.
2. Мәселе қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру саясатын таңдап алған кәсіпорынның бұл саясатты белгілі бір талаптарға сай келетін барлық босалқыларға қолдана алатын-алмайтынында, немесе кәсіпорын қарыздар бойынша шығындарды белгілі бір талаптарға сай келетін бір активтер үшін өз таңдауы бойынша капиталдандыра, бірақ басқа активтер үшін олай істемейтінінде.
КОНСЕНСУС