ТТК Түсіндірмелер жөніндегі
тұрақты комитет
________________________
22-ТТК
Түсіндірмесі
Бизнесті біріктіру - әділ құн мен бастапқы
Көрсетілген гудвиллді кейін түзету
1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.
Сілтеме: 22-“Бизнес бірлестіктері” ХБЕС.
МӘСЕЛЕ
1. Бизнесті біріктіруді бастапқы есепке алған кезде сатып алушы компанияның сатып алатын активтер мен міндеттемелерінің әділ құнын айқындау және дұрыс есептеуге мүмкіндік беретін барлық қажетті деректері болмайды не бірегейлендірілген активтер мен міндеттемелер мойындау критерийлерін қанағаттандыра алмайды. Осы жағдай сатып алынған бизнестің кешенді сипатымен, уақтылы дайындықтың қажеттілігімен және қаржылық ақпаратты ұсынумен және басқа себептермен байланысты болады.
2. 22.71-ХБЕС-нда бизнесті біріктіруді есепке алған кезде «сатып алынған, бірақ критерийлерге жауап бермейтін… бірегейлендірілген активтер мен міндеттемелер, сатып алуды бастапқы есепке алу кезінде жеке мойындау үшін осы критерийлерді қалай және қашан қанағаттандыратынына байланысты кейін мойындалуы тиіс. Бірегейлендірілген сатып алынған активтер мен міндеттемелердің таза баланстық құны осы сатып алуларды бастапқы есепке алу кезінде осы бірегейлендірілген активтер мен міндеттемелерге жататын сомаларды бағалауға көмектесетін қосымша растамалар пайда болған жағдайда түзетілуі тиіс. Қажет болған жағдайда оң гудвиллге немесе теріс гудвиллге жатқызылған сома мынадай түрде түзетілуі тиіс:
(а) 36-«Активтердің құнсыздануы» ХБЕС-нда белгіленгендей, түзету оны өтейтін сомадан асатын гудвиллдың таза баланстық құнынан көп болмағанда; және