ТТК Түсіндірмелер жөніндегі
тұрақты комитет
________________________
28-ТТК
Түсіндірмесі
Бизнесті біріктіру - «айырбастау күні» және
үлес құралдарының әділ құны
1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.
Сілтеме:22-«Бизнес бірлестіктері» ХБЕС.
МӘСЕЛЕ
1. Кәсіпорын өзінің меншікті үлес құралдарын 22-ХБЕС, 22.21-ХБЕС бойынша сатып алу өзіндік құн бойынша есепке алынуын және сатып алушы компания шығарған үлестік құралдар айырбасталу күнгі әділ құнмен өлшенуі талап ететілетіндей сатып алу ретінде ескерілетін бизнесті біріктіру кезінде сатып алғанын өтеу ретінде шығара алады.
2. Сатып алғаны үшін үлестік құрал ретінде шығарылған үлестік құралдар рынокта баға белгіленген болса және сонымен қатар айырбастау күнгі рыноктық баға олардың әділ құнына сенімді көрсеткіш болып табылмаса, 22.24-ХБЕС сатып алу шарттары хабарланғанға дейін және одан кейінгі уақытта негізді түрде ұзақ мерзім бойынша бағаның өзгеруін талдау қажет екендігін көрсетеді.
3. Мәселе мыналардан тұрады:
(а) сатып алу кезінде сатып алғаны үшін өтеу ретінде шығарылған үлестік құралдардың әділ құнын айқындаған кезде не «айырбастау күні» болып табылады;
(b) сатып алу күнгі баға белгіленетін үлестік құралдың жарияланған бағасына қосымша басқа да фактілер мен бағалау әдістерін қашан назарға алу қажет болады;