Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 8 қыркүйек)

Информация о документе
Датачетверг, 8 сентября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 8 сентября 2005
Дата последнего изменениячетверг, 8 сентября 2005

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілерiне
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және
мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 902 Қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнама актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

1. "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):

1) 1-баптың 36) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"36) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

2) 6-баптың 1-тармағында 7-4) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

"10-1) мұнай-газ саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекіту.";

3) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:

"6-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі

уәкілетті органның құзыретi

1. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органның құзыретiне:

1) келісім-шарттық аумақты қайтаруға байланысты ресiмделетiн геологиялық және тау бөлiнiстерiн дайындау және беру;

2) барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыру жұмыстарының бағдарламасын келiсу;

3) осындай бағдарламалар бекітілген күннен бастап екi апта мерзiмде жылдық жұмыс бағдарламаларының келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн құзыреттi органға ұсыну;

4) жылдық жұмыс бағдарламасына мердiгер ұсынған өзгерістердi келiсу;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде жылдық жұмыс бағдарламаларын келiсу кiредi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами