Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты
(1073-2002)
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары
Жалпы техникалық талаптар
ҚР СТ 1073-2007 орнына қабылданды
Енгізу уақыты 2002.10.01.
1 Қолдану саласы
Осы стандарт отандық және шетел өндірісінің ақпаратты крипто-графиялық қорғау құралдарына қолданылатын жалпы техникалық талаптарды белгілейді.
Осы стандарттың талаптары міндетті болып табылады.
Стандарт сертификаттау мақсаты үшін жарамды.
Стандарт ережесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шифрлеу құралдары табылатын болып ақпаратты криптографиялық корғау құралдарына қолданылмайды.
2 Анықтамалар мен қысқартулар
2.1 Анықтамалар
Осы стандартта тиісінше анықтамаларымен мына терминдер қолданылады:
2.1.1 Криптографиялық түрленудің алгоритмі: Криптографиялық түрлену міндеттерін шешу үшін операциялардың орындалу жүйелілігін беретін қарапайым және біржақты анықталған ережелердің ақырлы са-нын жинақтау.
2.1.2 Криптографиялық түрленудің асимметриялық алгоритмі: Криптографиялық түрлену алгоритмі, онда тура және кері түрленулері ашық және құпия деп аталатын, өзара байланысуы ашық кілттегі құпия кілтті есептеп отырып анықтауы өте қиынға соғатын екі кілтті пайдаланады.
2.1.3 Аутентификация: Ақпараттық өзара іс-әрекеттің бір немесе бірнеше аспектілерінің, негізінде, байланыс сеансының, оның уақытының, байланыстыратын жақтардың, берілетін хабарлардың, деректер көзінің, деректердің құрылу уақытының, деректердің мазмұнының түпнұсқалығын анықтау.
2.1.4 Деректерді шифрлеу: Шифрдің көмегімен ашық деректердің шифрленген деректерге түрлену процесі.
2.1.5 Имитокірістірме: Белгілі бір ереже бойынша деректерден және имитоқорғауды қамтамасыз ету үшін деректерге қосылған имитоқорғаудың кілтінен алынған белгіленген ұзындықтың бит жолы.
2.1.6 Имитоқорғау: Жалған хабарларды беруден байланыс жүйесін қорғау.