«Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың
тәртібі жөніндегі ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 128/164 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының
2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 17/39 Қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12, 50-1 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртібі жөніндегі ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 128/164 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 3038 тiркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртібі жөніндегі ережелерде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда орнатылған жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың (5-7 кабина) iшiнде: сайлаушыға дауыс беруге арналған терминалды қалай пайдалану керектiгiн түсiндiретiн нұсқаулық, экранында электрондық сайлау бюллетенi көрсетiлетiн дауыс беруге арналған терминал (осы қаулыға 1-қосымшаға сай) орналастырылады. Электрондық сайлау бюллетенiнде кандидаттардың тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлау бюллетенiне енгiзiлген және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар мен сайлау блоктарының атаулары көрсетiледi.";
4-тармақтың 2) тармақшасында:
"электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны" деген сөздерден кейiн "(электрондық сайлау карточкаларын) (осы қаулыға 2-қосымшаға сай)" деген сөздермен толықтырылсын;