Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім (Москва қ., 2003 ж. 25 сәуірде)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім (Москва қ., 2003 ж. 25 сәуірде)
Датапятница, 25 апреля 2003
Статус
Действующий
введен в действие с 25 апреля 2003
Дата последнего измененияпятница, 25 апреля 2003

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Gold+, Bin+, Silver+, Юрист-VIP

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнің құқықтық мәртебесi туралы
КЕЛIСIМ
(Москва қ., 2003 ж. 25 сәуірде)

 

Қ 2006 жылғы 14 қаңтардағы Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын үкіметтерi арқылы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын (бұдан әрi - Достастық) құру туралы құрылтайшылық құжаттардың мақсаттары мен принциптерiне өздерiнiң адалдықтарын қуаттай отырып,

халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

Достастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесiн анықтауға қатысты бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, сондай-ақ Достастық органдары қызметінің тиiмдiлігін арттыруға жәрдем көрсетугe тілек бiлдiре отырып,

төмендегілер туралы келiсті: 

 

1-бап

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтiрiлген терминдер мыналарды бiлдiредi:

«Достастық органдары» - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғысына, Достастық шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарғa, Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң немесе Үкіметтер басшылары кеңесiнiң шешімдерiне сәйкес Достастыққа қатысушы мемлекеттер құрған не осы сипатта құрылатын, тұрақты жұмыс iстейтiн аппараты бар және Достастық органдарының бірыңғай бюджетiнен қаржыландырылатын органдар;

«өкiлдiк орналасқан мемлекет» - аумағында Достастықтың органы немесе оның бөлiмшесi орналасқан мемлекет;

«лауазымды тұлғалар» - әрбір Тарапқа бекітілген лауазымдар квотасына сәйкес Тараптардың ұсынысы бойынша Достастық органдары бекiтетін тұлғалар;

«қызметкерлер» - жасалатын еңбек шарттарының немесе келісім-шарттардың негiзiнде Достастық органдарында мамандар ретiнде жұмыс iстейтiн адамдар (әкiмшілік-техникалық персоналды қоспағанда);

«әкiмшiлiк техникалық персонал» - Достастық органдарының жұмысына әкімшілік-техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын адамдар;

Добавить в список основных источников в Google

Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!