Қабылданды- 2007 ж. 12 қаңтардағы № 227-III ҚР Заңың қара
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 28 қыркүйектегі № 960 Қаулысымен Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне
көші-қон процестерін реттеу мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгiзілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілiк құқық бұзушылықтар туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат, № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; 2005 жылғы 4 тамыздағы "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 19 шілдедегі "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегi Заңы):
377-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"377-бап. Қазақстан Республикасында жеке басын куәландыратын
құжатсыз тұру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігінсiз немесе жарамсыз жеке куәлiкпен, сондай-ақ тұрғылықты жерi бойынша тіркеусiз тұруы немесе үш айдан астам мерзiмге уақытша келуi -
ескертуге немесе бір айлық есептік көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.