Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
отын-энергетикалық теңгерiмiн бірлесiп әзiрлеу туралы
Келісім
(Душанбе қ, 27 қыркүйек 2005 жыл)
2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Еуразия экономикалық қоғамдастығының мемлекетаралық кеңесімен 2005.27.09. № 239 шешімімен қабылданды
ҚР Үкіметінің 2006.17.04. № 287 Қаулысымен келісім бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің Үкiметтерi,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) өзара толықтырылатын отын-энергетикалық кешендерiн бірiктiруге және оның артықшылықтарын ұлттық экономиканы дамытуға тиiмдi пайдалануға өзара ұмтылысын ескере отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің отын-энергетикалық ресурстары iшкi рыногының сұранысы мен ұсыныстарының теңгерiмділігiн қамтамасыз ету, осы ресурстардың өзара тиiмдi мемлекетаралық жеткiзілімдерiн кеңейту мақсатында,
1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы энергетикалық жүйелердің өзара ынтымақтастығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісімнiң ережелерiн iске асыра отырып,
төмендегiлер туралы келiсті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген ұғымдар мен терминдер мынаны бiлдiредi:
"бірлескен отын-энергетикалық теңгерiм" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық ресурстарын өндiрудi, iшкi рынокта тұтынуды, олардың экспорты мен импортын сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi;