Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 968 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 29 сентября 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 мая 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 968 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 87 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 43, 411-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

тақырыбындағы «туралы ереженi» деген сөздер «ережесін» деген сөзбен ауыстырылсын;

кiрiспедегi «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күші бар Жарлығын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «туралы Ереже» деген сөздер «ережесi» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ережеде:

мәтіндегі «Бекiтiлген» деген сөздiң мемлекеттік тілдегi нұсқасы өзгерiссiз қалады;

тақырыбындағы «туралы ереже» деген сөздер «ережесі» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақ алынып тасталсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жер қойнауын мемлекеттік сараптауды Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - ҚМК) жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын геологиялық зерделеу және игеру бойынша орындалған жұмыстар туралы материалдарды есеп нысанында ҚМК-ның қарауына ұсынады.

9-2. Сараптама тәуелсiз сарапшылар мен сарапшы топтар тартыла отырып, материалдар ҚМК-ға ұсынылған сәттен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде жүргiзіледi.

9-3. Егер ҚМК терiс қорытынды берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының ҚМК-нің хаттамасында жазылған ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып, оларды қайта өңдеу шартымен, материалдарды қайталама сараптамаға беруге құқығы бap.»;

11-тармақтағы «жер қойнауын пайдалану және қорғау» деген сөздер «геология және жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақтағы «немесе ПҚАК» деген сөздер алынып тасталсын, «қорларды санаттар бойынша бөлу,»деген сөздерден кейiн «қатты пайдалы қазбалардың көлемi мен оны тәжiрибелiк пайдалану мерзiмi» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами