ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2005 жылғы 31 тамыздағы
№ 518 бұйрығымен бекітілген
Ет қоректі жануарлардың оба ауруының алдын алу
және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың
ветеринариялық ережесі
Осы Ет қоректі жануарлардың оба ауруының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Ет қоректілердің обасы - фильтрленетін вирус тудыратын өте жұғымтал ауру. Обаға бейім жануарлар қарсақ, сусар, құндыз, жанат, кәмшат, иттер және басқа етқоректілер болып саналады. Оба қызбамен, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Көп жерге таралған, ет қоректілердің аса қауіпті індетіне жатады.
Аурудың өту түріне қарай ішек, өкпе, тері және жүйке түрлеріне бөлінеді. Инкубациялық кезең бірнеше күннен 3 аптаға дейін созылады.
2. Ауырған немесе ауырып жазылған жануарлар инфекцияның көзі болып табылады. Ауадағы тамшы түрімен вирустың жұғуы басым келеді. Инфекцияны күтуші адамдар әкелуі мүмкін, қоздырғыштың таралуына құстар мен кеміргіштер ықпал жасайды. Жануарлардың барлық жастағылары ауырады, көбінесе 2-3 айлық күшіктер бейім келеді. Аң өсіретін шаруашылықтарда ауру жануарлардың бір түрінен басталып, 1-2 айдан кейін аңдардың басқа түрі ауруы мүмкін.
3. Обаға қарсы шаралар ұйымдастырғанда қолайсыз пункт, эпизоотиялық ошақ және қатерлі аймақты айыру керек.