Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Заңсыз жолмен алынған кірiстерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»
Қабылданды - ҚР 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-ІV Заңын қара
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 965 Қаулысымен Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізiлдi
Осы Заң заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектiлерiнің, уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттік органдардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
заңсыз жолмен алынған кiрiстер - қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған ақша, бағалы қағаздар және өзге мүлiк, оның ішінде мүліктiк құқықтар (бұдан әрi - ақша немесе өзге мүлік);