Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлеріне
заңсыз жолмен алынған кiрістердi заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - ҚР 2009 жылғы 28 тамыздағы № 192-ІV Заңын қара
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 966 Қаулысымен Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлдi
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжаттар; № 19, 370-құжаттар; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат, № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж. № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж. № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат):
156-баптың 4-тармағы "ережелерiнде" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингінiң уәкiлеттi органына ұсынылатын мәлiметтерден басқа," деген сөздермен толықтырылсын.