Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жарнама мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 975 Қаулысымен Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізiлсін:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегi Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат):
1025-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тауар белгілерi және тауар белгілерімен көрсетілген тауарлар жарнамасының ерекшеліктерi Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңымен айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат):
1) 349-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"349-бап. Жарнаманы тарату, орналастыру тәртiбін бұзу";
бiрiншi және екiншi бөлiктерi алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлiкпен толықтырылсын: