Жоба
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы
құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы
КЕЛІСІМ
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 26 қазандағы № 1073 Қаулысымен мақұлданды
Қабылданды-Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісім (Шанхай қ., 2007 жыл 15 маусым)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi (бұдан әрі - үкiметтер) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі - ШЫҰ),
2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы келісімдi, 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі келісімдi және 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Деректер банкi жөніндегі келісімдi басшылыққа ала отырып,
ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы (бұдан әрі - ШЫҰ АТҚҚ) Ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
ұлттық заңнамаға және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн онда қолданылатын терминдер мен ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
ақпарат - 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы шеңберiнде құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келісімнiң 1-бабында айқындалғандай құпия ақпарат;