«Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың
типтік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 29 мамырдағы № 354 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2005 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 Бұйрығымен күші жойылды
Магистратураға қабылдаудың тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 мамырдағы № 354 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2383 тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2003 жылғы № 23-24 жарияланған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 5 маусымдағы № 520, 2004 жылғы 13 тамыздағы № 683бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: