«2005 жылы әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдерді медициналық
тексеруден кезекті өткізу туралы»
Алматы қаласы Әкімінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 4/625 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының аудандардың әкімдеріне:
1) 2005 жылы 19 қыкүйектен 31 желтоқсанға дейін 15-16 жастарға жасөспірімдер, сондай-ақ 18 жастағы жігіттер жасөспірімдер кабинеттері терапевтерінің және педиатрларының қатысумен шақыру комиссияларының дәрігерлері тексеруден өткізілсін;
2) өздерінің шешімдерімен медициналық тексеруден өткізу жөніндегі аудандық комиссияларды құрсын және оның дербес құрамын бекітсін, қажетіне қарай комиссия құрамына ведомствалық медицина мекемелерінің дәрігер мамандары енгізілсін;
3) Алматы қалалық денасаулық сақтау департаментімен бірлесе отырып, шақыру жасына дейінгі жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру жұмысының кешенді жоспарын әзірлесін.
2. Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті (Девятко В.Н):
1) медициналық тексеруді сапалы өткізу мақсатында аудандық комиссиялар үшін тәжірибелі дәрігер-мамандарды, орта медициналық қызметкерлерді, сондай-ақ барлық медициналық жабдықтар бөлсін;
2) медицналық тексеру жөніндегі комиссия мүшелерімен жасөспірімдер қызметінің дәрігерлерімен оны өткізу бойынша 15 қыркүйекке дейін сабақтар өткізілсін;