Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру полисiн ресiмдеу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 357 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу Тiзiлiмiнде № 1080 тiркелген, 2000 жылғы 13-26 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 6 (176) басылымдарында жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 352 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу Тiзiлiмiнде № 1275 тiркелген); 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 127 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу Тiзiлiмiнде № 1574 тiркелген); 2003 жылғы 20 қарашадағы № 399 қаулыларымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу Тiзiлiмiнде № 2610 тiркелген) енгiзiлген өзгерістермен және толықтыруларымен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: