«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау,
реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 445 қаулысына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 354 Қаулысы
ҚР Қаржы министрінің 2006 ж. 25 сәуірдегі № 34 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 445 қаулысына ("Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 20 қаңтарда және "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 22 қаңтарда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 26 (274) баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2644 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: