Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы
Қабылданды - 2006 жылғы 5 маусымдағы № 145-III ҚР Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2005.18.11. № 1135 Қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді
Осы Заң Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының жұмыс iстеуiнiң құқықтық негiздерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы
және оның мәртебесi
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы (бұдан әрi - Қаржы Орталығы) ерекше құқықтық режимi бар арнайы аймақ болып табылады.
Қаржы Орталығының ерекше құқықтық режимi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерiнде айқындалады және оның қатысушыларына қолданылады.
2-бап. Қаржы Орталығының қызметiн құқықтық реттеу
1. Қаржы Орталығы туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Қаржы Орталығының және оның қатысушыларының осы заңда реттелмеген бөлігіндегі қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
3. Қаржы Орталығының қызметi Қазақстан Республикасы Президентінің "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" Заң күшi бар Жарлығымен реттелмейдi.
4. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге де ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережесi қолданылады.
3-бап. Қаржы Орталығын құру мақсаттары және оның
жұмыс iстеу қағидаттары
Бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық капитал рыноктарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталды шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығару Қаржы Орталығын құрудың мақсаттары болып табылады.
Қаржы Орталығы:
1) қазақстандық пен шетелдiк қатысушылардың теңдiгі;