«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу,
инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы
25 қыркүйектегі № 266 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы № 388 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.22.08. № 122 қаулысымен күші жойылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 49-бабына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 266 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3194 тіркелген, 2005 жылы 14 қазанда "Заң газеті" № 111 (736) газетінде жарияланған), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3868 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
3-тармақ:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: