Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушылардың барлығына Үндеуі (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 51/106 қаулысымен бекітілген)

Информация о документе
Датачетверг, 1 декабря 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 1 декабря 2005
Дата последнего изменениячетверг, 1 декабря 2005

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2005 жылғы 1 желтоқсандағы

№ 51/106 қаулысымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
сайлау процесіне қатысушылардың барлығына
Үндеуі

 

Қазақстан Республикасының сайлау органдарына өте маңызды және жауапты міндет 2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауын әзірлеуді және өткізуді ұйымдастыру жүктелген.

Конституция, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 9 қыркүйектегі Жарлығы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен сайлау комиссияларының міндеттерін сайлау науқанының барлық кезеңіне айқындады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 11 қазандағы Үндеуі, біздің басқа да үндеулеріміз бен мәлімдемелеріміз сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттардың барлығы үшін тең жағдайлар жасауға, сайлау құқықтары мен бостандықтарынын кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

Қазақстанда еркін, бәсекелі және әділ сайлаудың жалпыға танымал халықаралық стандарттарына барынша жақындатылған заңнамалық және практикалық тетіктердің жүйесі қалыптасқан және даму үстінде. Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының табысты қызметі үшін қажетті ұйымдастыру, қаржылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасалды.

Сайлау науқаны басталғаннан бері сайлау іс-шараларын жүргізу барысында сайлау комиссияларының мүшелері өздерінің біліктілігін, өз міндеттерін атқаруға деген адал көзқарасын растауда.

Сайлау науқаны басты және шешуші кезең дауыс беру және оның қорытындыларын шығару күніне жақындап қалды.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау күнгі және сайлаушылардың дауыстарын санау кезеңіндегі нақты, бірлескен, тек Заңға негізделген іс-қимылдарын қамтамасыз ету мәселесі қазір ерекше өзекті сипатка ие болып отыр.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом