Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб
Республикасының Үкіметі арасындағы экономика, ғылым және
техника ынтымақтастығы туралы келісім
(1993 жылы 14 ақпанда Каир қаласы)
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Реслубликасының Үкіметі, екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайту және өз арасында экономика, ғылым және техника ынтымақтастығын дамыту ниетін көздей отырып, төмендегілер жайында келісті:
1-бап
Тараптар олардың елдеріндегі қазіргі заңдар мен нормаларға сәйкес екі Келісуші Тараптар территорияларындағы тиісті ұйымдар, мекемелер мен азаматтар арасындағы экономика, ғылым және техника ынтымақтастығын және дамытады.
2-бап
Тараптардың ұйымдары, мекемелері, компаниялары мен басқа субьектілері арасындағы келіссөздер мен келісімдер екі елдің қазіргі заңдары мен ережелеріне сәйкес осы Келісімде белгіленген ынтымақтастық нысаңдары мен шарттарының негізінде жұзеге асырылатын болады.
3-бап
Тараптар мүмкін болғанынша орындау тәртібін, процедуралар мен уағдаластықтарды жеңілдетуге ұмтылады, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес ынтымақтастықтьің жұзеге асырылуына жәрдемдеседі.
4-6ап
Қазақстан Реепубликасы мен Египет Араб Республикасы экономика, ғылым және техника ынтымақтастығы жөнінде Аралас үкімет комиссиясын құруға келісті. Аралас комиссия екі Тараптың ұйымдарының, мекемелерінің, компаниялары мен өзге субьектілерінің өкілдерінен құралады.
Тараптар осы Келісімді және экономикалық ынтымақтастық саласында жасалған келісім-шарттарды орындауға байланысты арнайы мәселе лерді келіссөздер немесе Аралас комиссияда талқылау жолымен шешуге келісті.
5-6ап