Орта (жалпы) білім, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта (арнаулы) білім туралы
құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы
келісім
(Астана қ., 2004 жылғы 15 қыркүйек)
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 1181 Қаулысымен бекітілді
2006 жылғы 23 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге үкіметтер атынан қатысушы мемлекеттер,
1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
2001 жылғы 29 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім кеңістігін қалыптастыру тұжырымдамасын іске асырудың мемлекетаралық бағдарламасын орындау мақсатында,
білім, ғылым және мәдениет саласындағы ықпалдастыру процестерін тереңдетуге Тараптардың ұмтылысын назарға ала отырып,
бірыңғай еңбек нарығын құрудағы қажеттілікті ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім Тараптар беретін орта (жалпы) білім, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта (арнаулы) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға қолданылады.
2-бап