«Жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
Министрлігінің органдарына Келісім-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық
ақпарат беру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрінің міндетін орындаушының
2000 жылғы 28 қыркүйектегі № 393-б бұйрығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының
2005 жылғы 9 қыркүйектегі № 90-б Бұйрығы
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 53-п Бұйрығымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің органдарына Келісім-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің 2000 жылғы 28 қыркүйектегі № 393-б бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1272 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен қосымшалар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушылардың Келісім-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығын бекіту туралы»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың Келісім-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығы бекітілсін»;
2-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақта «жер қойнауын қорғау» деген сөздер «жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;