Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен Бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек
сауда бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты
объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы өтінішті жасау Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды қоса (бұдан әрі - нысаны) бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы Өтінішті жасау тәртібін көздейді:
1) 012.00 нысан бойынша бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы Өтініш (бұдан әрі - 012.00 нысан бойынша Өтініш);
2) 012.01 нысан бойынша бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы Өтінішке 1-қосымша (бұдан әрі - 012.01 нысан бойынша қосымша);
3) 012.02 нысан бойынша бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы Өтінішке 2-қосымша (бұдан әрі - 012.02 нысан бойынша қосымша);
4) 012.03 нысан бойынша бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда бойынша салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу мен қайта тіркеу туралы Өтінішке 3-қосымша (бұдан әрі - 012.03 нысан бойынша қосымша);