ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін атқарушысының
2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө
бұйрығымен бекітілген
Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес
медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік
Ережесі
(2010.10.09. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, қарамастан, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың (бұдан әр - МӘҰ) қызмет тәртібін, мүгедектерді қабылдау, ұстау және МӘҰ-нен шығару шарттарын айқындайды.
2. МӘҰ денсаулығының жай-күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектердің (бұдан әрі - қамқорлықтағы адамдар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналады.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы үйде қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.