Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға
теңестірілген өкілдіктер жасайтын жиынтық ведомостарды
(тiзiлiмдердi) толтыру ЕРЕЖЕЛЕРI
(337.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің (бұдан әрі - Өкілдік) жиынтық ведомосі (тiзiлiмi) 337.00-нысаннан және Тізілімге - «Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы» 337.01-нысанға қосымшадан және «Өкілдіктің персоналы туралы мәліметтер» 337.02-нысаннан тұрады.
2. 337.02-нысан Қазақстан Республикасы аумағында олардың бірге тұратын жанұя мүшелерін қоса алғанда Өкілдіктің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының жеке пайдалануына (бұдан әрі - персонал) арналған сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру кезінде толтырылады.
3. Тiзiлiмдi толтырған кезде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық түрде - магнитті тасығышта, оған Өкiлдiктің уәкілетті тұлғасы қол қойған, қолдан, болмаса баспа құрылғысымен толтырылған, немесе тиісті бағдарламалық қамтамсыз етуді қолданумен принтерде басып шығарған қара-ақ гаммадағы қағаз тасығыштағы Тiзiлiм қоса берiледi.
4. Тiзiлiмдi толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Тiзiлiмнің тиісті торкөздері толтырылмайды.
6. Тiзiлiмге Өкiлдiктің уәкілетті тұлғасы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
2. 337.00-нысанын толтыру
7. "Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде: