«Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын
ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу,
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса
атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу
ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы
№ 17 Қаулысы
(2005.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2005 ж. 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08 № 310 қаулысымен атауы өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред. қара)
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы, 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 45-бабының 4-тармағына, 49-бабына және "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдар үшін "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мағынасы күн сайын 1-ден кем емес болуы тиіс.
2. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін "Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициентінің мағынасы күн сайын 1-ден кем емес болуы тиіс.