Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Үстеме пайда салығы бойынша
декларация жасау ережелері
(540.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт шегінде жүзеге асырылатын қызметтің нәтижесі бойынша үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушыларға есептеуіне арналған Үстеме пайда салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Кодекстің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті тор көздері толтырылмайды.
5. Декларацияны беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;
2) қағаз тасығышта почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Кодекстің 69-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.
6. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Декларацияны жасау (540.00-нысан)
7. Осы нысан Салық кодексінің 48-тарауына сәйкес салық кезеңі үшін төлеуге жататын үстеме пайда салығының сомасын көрсетуге арналған.
8. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;