Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Жеке кәсіпкерлер үшін
патент алуға өтініш жасау ережелері
(912.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген бойын Жеке кәсіпкерлер үшін патент алуға өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін көздейді.
2. Өтініш жеке кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режимі бойынша бюджетпен есеп айырысуға арналған.
3. Өтінішті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - Өтініш қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Өтініш Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Оңайлатылған декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.
6. Өтінішті беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - Өтініш екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде - салық төлеуші Өтінішті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
2. Өтінішті жасау
7. “Жалпы ақпарат” бөлімінде:
1) 1-жолда салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) 2-жолда жеке кәсіпкердің аты-жөні және егер де ол бар болса, фирмалық атауы көрсетіледі;
3) 3-жолда негізгі қызметтің ЭҚЖЖ (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) коды көрсетіледі;
4) 4-жолда валютаның тиісті коды көрсетіледі.