Введите номер документа
Прайс-лист

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережелері (140.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 декабря 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 января 2007

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 554 бұйрығымен бекітілген

 

 

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды  

 

Корпорациялық табыс салығы бойынша  декларация
жасау ережелері (140.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сәйкес келетін ұйымдардың кірістерін мәлімдеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін көздейді:

1) салық кезеңі үшін мүгедектердің саны қызметкерлердің жалпы санынан кемінде 51 проценті болатын;

2) салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 процент) құрайтын ұйымдар жатады.

Жоғарыда аталған шарттарға сәйкес келетініне қарамастан акцизделетін тауарларды өндіру мен сату бойынша қызметтен және қызметтің акциздік түрлерінен кірістер алатын ұйымдар салық салудың осы тәртібін қолданбайды және 100.00 нысаны бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырады.

2. Декларация Декларацияның өзінен (140.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (140.01 - 140.11 нысандары) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияларды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, және өшіруге жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом