«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы № 196 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы № 11 Бұйрығы
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2390 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе сөз мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы қызметкерлерді көтермелеу және моральдық ынталандыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН»;
1-тармақтың үшінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Құрметті машина жасаушы» кеуде белгісі»;
«Еңбегін сіңірген стандарттаушы» кеуде белгісі»;
«Еңбегін сіңірген метролог» кеуде белгісі;»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аппарат - әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «өнеркәсіп» деген сөзі «экономика» сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу ережесіне:
барлық мәтін бойынша «Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында», «Кадрлар және заң қызметі департаменті» деген сөздер тиісінше «Министрлік жетекшілік ететін экономика салаларында», «Аппарат - әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Құрметті машина жасаушы» кеуде белгісімен марапаттау»;
«Еңбегін сіңірген стандарттаушы» кеуде белгісімен марапаттау»;
«Еңбегін сіңірген метролог» кеуде белгісімен марапаттау»;
Мынадай мазмұндағы 3-1-тарауымен толықтырылсын:
«3-1. «Құрметті машина жасаушы» кеуде белгісімен марапаттаудың шарты
16-1. Кеуде белгісімен: