Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды- 2007 ж. 8 қаңтардағы № 210-III ҚР Заңың қара
ҚР Үкіметінің 2005.28.12. № 1302 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж.,
№ 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 3, 53-құжат):
1) 54-баптың 1-бөлігі мынадай мазмұндағы р) тармағымен толықтырылсын:
"р) қылмыс жасаған адам қылмыстық ізге түсу органдары мен соттан жасырынған және оған қатысты іздестіру жарияланған жағдайлар";
2) 59-баптың екінші бөлігінде:
"жартысынан" деген сөз "үштен екісінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үштен екісінен" деген сөздер "төрттен үшінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 63-бап мынадай мазмұндағы 8-бөлікпен толықтырылсын:
"8. Іс-әрекеттерінде қауіпті немесе аса қауіпті қылмыстардың қайталануы болған адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.";
4) 69-баптың бірінші бөлігінде:
в) тармағындағы "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) тармағындағы "он бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 70-баптың сегізінші бөлігі "ауыстырылған адамға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қауіпті және аса қауіпті қылмыстар қайталанғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
6) 75-баптың бірінші бөлігінде: