“ҚазТрансОйл” ҰЛТТЫҚ МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯСЫ” ЖАБЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОFАМЫ
“КЕЛIСIЛДI” | “БЕКIТIЛДI” |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Төтенше жағдайлар жөніндегі | Энергетика, индустрия |
агенттiлігінің төтенше жағдайларды | және сауда министрлiгі |
мемлекеттік қадағалау, техникалық | 15.12.99 ж. № 407 бұйрық |
және тау-кен қадағалау жөніндегі | |
департаментi | |
02.08.99 ж № 7/528 құжат | |
“ҚазТрансОйл” ҰМТК” ЖАҚ | |
27.08.99 ж. № 8145 құжат | |
МАГИСТРАЛЬДЫ МҰНАЙ ҚҰБЫРЛАРЫН
КYРДЕЛI ЖӨНДЕУ КЕЗIНДЕГІ ЕҢБЕК
ҚАУІПСIЗДIГІНЕ
САЛАЛЫҚ НҰСҚАУ
ЖҚ 39-010-99
Осы “Салалық нұсқау” Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне қарасты Техника қауiпсiздiгi ғылыми-зерттеу орталығында қауiптi кезең және магистральды мұнай құбыры жүйесiнiң күрделi жөндеу кезiнде еңбек сиымдылығы операцияларын зерттеу негiзiнде, “ҚазТрансОйл” ҰМТК” ЖАҚ-мен келісілген нормативтi базасын құру жобасы бойынша жасалды.
Салалық нұсқауды әзiрлеу кезiнде техника қауiпсiздiгi ғылыми-зерттеу жұмыстары, сонымен бірге жұмысты қауіпсіз жүргiзуде өндiрiсшiлер тәжiрибелерi қолданылды.
Салалық нұсқау су бөгегтерi арқылы өтетiн (өзен, көл, батпақ), автожолдар, I-IV категориялы темір жолдар және сондай-ақ туннельмен, теңiз эстакадасымен жүргiзiлген мұнай құбырын жөндеу жұмыстарына таратылмайды.
Осы Салалық нұсқауға қосымшалар және өзгерістер “ҚазТрансОйл” ҰМТК” ЖАҚ күшіне енген “Нормативтi-техникалық құжаттамаларын әзiрлеу және iске қосу тәртібі” ЖҚ 39-001-98 бойынша енгiзiледi.
Осы Салалық нұсқау кiрiсiмен 30.08.78 ж. КСРО ММҚ бекiткен “Магистральды мұнай құбырларын күрделi жөндеу кезіндегі еңбек қауiпсiздiгiне Салалық нұсқау” ИБTB-036-78 күшiн жояды.
Осы Салалық нұсқау “ҚазТрансОйл” ҰМТК” ЖАҚ Техникалық саясат департаменттінің келісімi бойынша дайындалып бекітілген.
РЕДАКЦИЯЛАҒАН: АДИЕВ Р.К.