Алматы қаласы орталық бөлігінде жүк көлігі қозғалысына шек қою туралы
Алматы қаласы Мәслихатының ІІ сайланған XXV сессиясының 2003 жылғы 11 маусымдағы шешімі
(2006.28.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Алматы қаласы Мәслихатының 2010 жылғы 22 қаңтардағы XXV сессиясының № 282 Шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңының 15 бабына сәйкес Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту және атмосфералық ауаны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаттың 27.02.2003 жылғы XXIV-і сессиясының «Алматы қаласы орталық бөлігінде жүк көлігінің жүруіне шек қою туралы» шешімі қайта бекітілсін.
Алматы қаласы Мәслихатының 2005.28.09. № 182 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Райымбек - Жангелдин - Қалдаяқов - Луганский - Тәттімбет - Горная - Әл-Фараби - Саин шаршысында жүк автокөлігінің қозғалысы шектелсін, бұл жағдайда сенбі, жексенбі күндері (жұма күнгі 24.00-ден 6.00-ге дейін) және мереке күндері (24.00-ден 6.00-ге дейін) қаланың авариялық, құтқару қызметтерінің және асфальт және бетон төсеудің үздіксіз технологиялық үрдісін қамтамасыз ететін көлігінен басқа жүк автомашиналарының қозғалысына тыйым салынады.
Алматы қаласы Мәслихатының 2005.28.09. № 182 шешімімен 2-1-тармақпен толықтырылды; IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XXІ сессиясының 2006.28.02. № 232 шешімімен 2-1-тармақ өзгертілді
2-1. Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағындағы, Жангелдин көшесінің батыс жағындағы, Сайн көшесінің шығыс жағындағы шаршыда және ары қарай осы шешімнің 2 тармағындағы көрсетілген шаршысында массасы жүгімен қосқанда, жүктемені тарату кезінде бір белдеме үшін 8 тоннадан асатын жүк автомашиналарының қозғалысына тыйым салынсын, (Рысқұлов даңғылының өзін қоспағанда).