Введите номер документа
Прайс-лист

«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (25 наурыз 2006 жыл)

Информация о документе
Датасуббота, 25 марта 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 25 марта 2006

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006.25.03. № 204 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, Астана қаласының әлемдік стандарттарға жауап беретін және экономиканың өсуіне барабар тыныс-тіршілік инфрақұрылымын қалыптастыру, астананың мемлекет экономикасындағы ықпалдастық рөлін арттыру, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету бойынша бақылау және үйлестіру Астана қаласының әкімдігіне жүктелсін.

5. Астана қаласының әкімдігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы

№______

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы «__»_______

№ ______Жарлығымен

Бекітілген

 

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2006-2010 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

МАЗМҰНЫ

 

Паспорт

Кіріспе

1. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

§1 Ұзақ мерзімді орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету

§2. Қала құраушы құрылымды жасау

§3. Кірістер және шығыстар саясаты

1. Кірістер

2. Шығыстар

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами