Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2006.01.04. № 227 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Бекітілді - ҚР Президентінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі № 84 Жарлығын қара
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 1618 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 393-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 1619 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 394-құжат):